“InterPlay” тұтыну кооперативінің мүшелері мен “Денсаулық және табыс” клубының мүшелері үшін пайызсыз қарыз ақша беру бағдарламасы

Finance

“InterPlay” ТК Қазақстанда ресми тіркелген, өз қызметін «Тұтыну кооперативі туралы» (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының2001ж. 8 мамырдағы №197-II және 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады, оған сәйкес жалғыз құрылтайшы құжат ТК мүшелерінің жиналысында бекітілген Жарғы болып табылады.

Тұтыну кооперативі — мүшелікке негізделген, адамдардың және заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі, ол өз мүшелерінің материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен құрылады.

Пайызсыз қарыз ақша алу бағдарламасы – кооператив мүшелерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қолдауға арналған өзара көмек жүйесі. Бағдарлама сенім, теңдік және қаржылық тұрақтылық қағидаттарына негізделген.
  • Қарыз пайызсыз, кепілсіз, қайтарымды негізде беріледі.
  • Қарыз тек кооператив мүшелері мен клуб мүшелеріне ұсынылады.
  • Қарыз беру міндетті болып табылмайды.
  • Ұпайлық жүйе қарыз алу кепілдігі бола алмайды, бірақ қарыз алу кезегін айқындайды.
  • Жарналар қарыз алу кепілдігін бермейді. Жарна ретінде төленген қаражатқа клубтың интернет-дүкенінен табиғи өнімдер немесе тұрмыстық тауарлар сыйлыққа беріледі немесе мүшелер өздері тауар сатып алу арқылы жарнаны енгізе алады.
  • Бағдарлама инвестициялық жоба емес, табыс немесе реферальдық төлемдер қарастырылмайды.
Бағдарлама тек кооперативтің қаржылық тұрақтылығына және пайлық қор көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.


Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

"InterPlay" ТК (сілтемені ашу) мүшелік жарнасын
– 29 800тг төлеген барлық мүшелер
Клубтың интернет-дүкенінен (сілтемені ашу) кемінде 29 800 теңгеге
табиғи өнімдер мен тұрмыстық заттар сатып алу арқылы қатысушылар
29 800 теңгеден бастап қайырымдылық жасаушы ізгі жандар
"Денсаулық және табыс" (сілтемені ашу) клубының бағдарламаларына қатысу арқылы

Кооператив клуб мүшелеріне төмендегі мүмкіндіктерді береді:

1

Қаржылық қауіпсіздік

клуб мүшелеріне тұрақты қолдау және сенімді қаржыландыру.
2

Қарыз ақша алу

пайызсыз әрі кепілсіз, 6 ай – 10 жыл мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі.
3

Баспана және автокөлік

арнайы келісім-шарт бойынша алғашқы жарнаға 4.000.000тг-ден бастап 10 жыл мерзімге дейін қаражат.
4

Әлеуметтік бағдарламалар

2.000.000тг-ге дейін 5 жыл мерзімге дейін денсаулық, білім және тұрмыстық қажеттіліктерге қаражат.

Қарыз алушылар «Денсаулық және табыс» (сілтемені ашу) клубының барлық мүмкіндіктерін (сілтемені ашу) пайдалана алады.


Бағдарламаның мақсаты

Пайызсыз, кепілсіз, ұзақ мерзімге бөліп төлеуге қарыз беру арқылы клуб мүшелерінің:

  • әлеуметтік жағдайын жақсарту
  • денсаулыққа қатысты шығындарын өтеу
  • шұғыл жағдайларда көмек беру
  • шағын бизнес бастау
  • студенттердің оқу ақысын төлеу
  • және т.б. қажеттіліктерге
.

Клуб мүшелеріне пайызсыз бөліп төлеуге қарыз беру шарттары:

  • Басты шарт - сайттағы ақпаратпен толық танысу
  • Қарыз алуға өтініш беру
  • Қарыз кооператив және клуб мүшелеріне беріледі
  • Мөлшері: 30.000 тг – 2.000.000 тг
  • Қарыз ақша мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі
  • Мерзімі: 6 ай – 10 жылға бөліп төлеу
  • 1–3 ай жеңілдік мерзімі (әлеуметтік жағдайға байланысты)
  • Қарыз мерзімін ұзарту (реструктуризация)

Қарыз алу қадамдары

Пайызсыз қарыз ақша тек кооператив және клуб мүшелеріне қаржылай қолдау ретінде беріледі.
1
Сайтпен және келісім-шартпен толық танысу
(басты шарт болып табылады).
2
Тіркелу және өтініш қалдыру.
3
Қарыз алу бағдарламасына тіркелу үшін 11900 теңге
клуб мүшелігі жарнасын төлеу керек немесе
клубтың интернет-дүкенінен кемінде
11900 теңгеге өнім алу керек.
4
Келісім-шарт заңдық негізде рәсімделеді.
Арнайы ұсыныс: Кооперативке кіріс жарнасын(400.000тг) төлеген клуб мүшелері арнайы келісім-шарт бойынша баспана немесе автокөлік алуға алғашқы жарнаға және бизнес бастауына 4.000.000 - 10.000.000 теңге аралығында 10 жылға дейін пайызсыз қаражат алуына болады

Қаржыландыру көздері

  • Қаржылық қолдау орталығының қаражаттары
  • Жарнамадан түсетін табыс
  • Демеушілер үлесі
  • Клубтық мүшелік жарналары
  • Клуб бағдарламалары қаражаты
  • InterPlay кооперативінің жарналары
  • Интернет-дүкеннен түскен табыс
  • Емдік курстар мен ақылы кеңестер қаражаттары

ҚАРЫЗ АЛУ КЕЗЕГІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҰПАЙ БІРЛІК ЖҮЙЕСІ

      Қарыз беру кооперативтің қаржылық мүмкіндігі шегінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Барлық мүшелерге бір уақытта қарыз қаражатын беру мүмкін болмағандықтан, кезектілік адам факторының араласуынсыз, автоматтандырылған есептеу жүйесі арқылы анықталады.

Ұпай бірлік жүйесінің мақсаты:
• қарыз беру кезегін ашық әрі әділ анықтау;
• мүшелердің кооператив қызметіне қатысу белсенділігін ескеру;
• әлеуметтік мәртебесін анықтау;
• қаржылық тәртіп пен жауапкершілікті ынталандыру.

ҰПАЙ БІРЛІГІН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ:

1. Мүшелік белсенділік
• Мүшелік кіріс жарнасы — 40 ұпай бірлігі
    (Бөліп төлеген жағдайда — 10 ұпай бірлігі)
• Белсенді мүше
    (Кіріс жарнасын төлеуі және 3 адамның кооперативке мүше болуына себепкер болуы — 30 ұпай бірлігі)
• 4-ші мүшеден бастап, кооперативке мүше болуына себепкер болған әр адам үшін — 10 ұпай бірлігі
• Мүшелік жарна (29 800 тг) — 5 ұпай бірлігі
    (ай сайын тұрақты төленген әр мүшелік жарна үшін — 4 ұпай бірлігі)

2. Қарыз алуға байланысты белсенділік
• Белсенді қарыз алушы
    (3 адамның қарыз алуына себепкер болуы — 5 ұпай бірлігі)
• 4-ші қарыз алушыдан бастап, қарыз алуына себепкер болған әр адам үшін — 2 ұпай бірлігі

3. Қаржылық үлес және әлеуметтік мәртебе
• Пайлық жарна, үлес қосу — 2 ұпай бірлігі
(Әр 5 000 теңге көлеміне дейін)
• Мүмкіндігі шектеулі мүше — 2 ұпай бірлігі
• Көп балалы отбасы мүшесі — 2 ұпай бірлігі
• Ауылдық жердегі мүше — 2 ұпай бірлігі
4. Бағдарламалар мен клуб белсенділігі
• Кооператив пен клубты насихаттау қызметі үшін — 5 ұпай бірлігі
“Денсаулық және табыс” клубына мүшелік — 3 ұпай бірлігі
“Қолдау” бағдарламасын қолдау — 3 ұпай бірлігі
“Бастау” бағдарламасын қолдау — 1 ұпай бірлігі
“Әлеуметтік” бағдарламаны қолдау — 2 ұпай бірлігі
• Клубтың интернет-дүкенін пайдаланғаны үшін — 1 ұпай бірлігі
    (Әр 3 000–5 000 теңге көлемінде өнім сатып алғаны немесе сатқан үшін).

Қарыз беру кезегі жиналған ұпай бірліктерінің жалпы саны бойынша анықталады. Егер екі немесе одан да көп мүше бірдей ұпай бірлігін жинаған жағдайда, басымдық кооперативке кіріс жарнасын немесе мүшелік жарнасын алғаш болып төлеген мүшеге беріледі.

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ
• Ұпай бірлігі — кооператив ішіндегі есептік көрсеткіш.
• Ұпай бірлігі ақшалай табыс, дивиденд, сыйақы немесе инвестициялық кіріс болып табылмайды.
• Қарыз беру тек кооперативтің нақты қалыптасқан қоры мен қаржылық тұрақтылығы шегінде жүзеге асырылады.
• Жаңа мүшелердің жарналары бұрынғы мүшелерге төлем жасау көзі болып табылмайды.