“InterPlay” тұтыну кооперативінің мүшелері мен “Денсаулық, Қайырымдылық, Жетістік” қауымдастығының мүшелері үшін пайызсыз қарыз ақша беру бағдарламасы

Finance

"InterPlay" ТК Қазақстанда ресми тіркелген, өз қызметін «Тұтыну кооперативі туралы» (2025.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасының 2001ж. 8 мамырдағы №197-II және 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады, оған сәйкес жалғыз құрылтайшы құжат ТК мүшелерінің жиналысында бекітілген Жарғы болып табылады.

Тұтыну кооперативі — мүшелікке негізделген, адамдардың және заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі, ол өз мүшелерінің материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен құрылады.

Пайызсыз қарыз ақша алу бағдарламасы
Кооператив мүшелерінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қолдауға арналған өзара көмек жүйесі. Бағдарлама сенім, теңдік және қаржылық тұрақтылық қағидаттарына негізделген.

Пайызсыз қарыз белсенді мүшелерге беріледі.
Белсенді мүше – кооператив пен қауымдастықтың мақсаттарын қолдайтын, мүшелік міндеттерін орындайтын, қауымдастық бағдарламаларына тұрақты қатысатын, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына атсалысатын, ақпараттық қолдау көрсететін, қауымдастықтың дамуына және жаңа мүшелердің ақпараттануына өз үлесін қосатын мүше.

Бағдарлама келесі қағидаттарға негізделген:
  • Қарыз пайызсыз, кепілсіз, қайтарымды негізде беріледі.
  • Қарыз тек кооператив мүшелері мен қауымдастық мүшелеріне ұсынылады.
  • Қарыз беру міндетті болып табылмайды.
  • Автоматты түрде есептелетін «Белсенділік көрсеткіштері» қарыз алу кезектілігін анықтауға арналған және мүшеге қарыз қаражатын талап ету құқығын бермейді.
  • Жарналар қарыз алу кепілдігін бермейді. Жарна ретінде төленген қаражатқа қауымдастықтың интернет-дүкенінен табиғи өнімдер немесе тұрмыстық тауарлар сыйлыққа беріледі немесе мүшелер өздері тауар сатып алу арқылы жарнаны енгізе алады.
  • Бағдарлама инвестициялық жоба емес, табыс немесе реферальдық төлемдер қарастырылмайды.
Бағдарлама тек кооперативтің қаржылық тұрақтылығына және пайлық қор көлеміне сәйкес жүзеге асырылады.


Пайызсыз қарыз ақша келесі мақсаттарға беріледі:

Тұрмыстық қажеттіліктерге: 50.000 – 1.000.000 теңге, мерзімі 5 айдан 5 жылға дейін.
Бизнес бастау немесе дамытуға: 4.000.000 теңгеге дейін, мерзімі 7 жылға дейін.
Баспана немесе автокөлік алуға алғашқы жарнаға: 4.000.000 теңгеден
10.000.000 теңгеге дейін, мерзімі 10 жылға дейін(кіріс жарнасын
төлеген мүшелер үшін).

Кооператив мүшелерге төмендегі мүмкіндіктерді береді:

1

Қаржылық қауіпсіздік

қауымдастық мүшелеріне тұрақты қолдау және сенімді қаржыландыру.
2

Қарыз ақша алу

пайызсыз әрі кепілсіз, 5 ай – 10 жыл мерзімге бөліп төлеу мүмкіндігі.
3

Сақтандыру қаражаты

Қарыз ақшаның ай сайынғы төлемдерін уақытылы төлеп отырған белсенді қауымдастық мүшелері жыл соңында 1.000.000 тенгеге дейін сақтандыру сыйақысын ала алады.
4

Баспана және автокөлік

арнайы келісім-шарт бойынша алғашқы жарнаға 4.000.000тг-ден бастап 10 жыл мерзімге дейін қаражат.

Қарыз алушылар «Денсаулық, Қайырымдылық, Жетістік» (сілтемені ашу) қауымдастығының барлық мүмкіндіктерін (сілтемені ашу) пайдалана алады.


Бағдарламаның мақсаты

Пайызсыз, кепілсіз, ұзақ мерзімге бөліп төлеуге қарыз беру арқылы белсенді мүшелердің:

  • әлеуметтік жағдайын жақсарту
  • денсаулыққа байланысты шығындарын өтеу
  • шұғыл жағдайларда қолдау көрсету
  • шағын бизнес ашуына көмектесу
  • студенттердің оқу ақысын төлеуге жәрдемдесу
  • басқа да әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету.


Қарыз алу қадамдары

Пайызсыз қарыз ақша тек кооператив және қауымдастық мүшелеріне қаржылай қолдау ретінде беріледі.
1
Сайтпен және келісім-шартпен толық танысу
(басты шарт болып табылады).
2
Тіркелу және өтініш қалдыру.
3
Қарыз алу бағдарламасына тіркелу үшін белсенді мүше болу керек.
4
Келісім-шартты заң талаптарына сәйкес рәсімдеу.

Пайызсыз қарыз беру шарттары:

  • Басты шарт - сайттағы ақпаратпен толық танысу
  • Қарыз алуға өтініш беру
  • Қарыз қаражаты белсенді мүшелерге беріледі
  • Қарыз мөлшері: 50.000 тг – 2.000.000 тг
  • Қарыз мөлшерін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған
  • Өтеу мерзімі: 5 айдан 10 жылға дейін
  • Әлеуметтік жағдайға байланысты 1–3 ай жеңілдік кезеңі
  • Қажет болған жағдайда қарызды қайта құрылымдау (реструктуризация)


Арнайы ұсыныс: Кооперативке 400.000 теңге кіріс жарнасын төлеген мүшелер арнайы келісім-шарт негізінде баспанаға немесе автокөлікке алғашқы жарна ретінде, сондай-ақ бизнес бастауға 4.000.000 - 10.000.000 теңге аралығында 10 жылға дейін пайызсыз қаржылық қолдау ала алады.

Қаржыландыру көздері

  • Қаржылық қолдау орталығының қаражаттары
  • Жарнамадан түсетін табыс
  • Демеушілік қаражат
  • Қайырымдылық қаражаттары
  • Қауымдастық бағдарламаларының қаражаты
  • InterPlay тұтыну кооперативінің пайлық қоры
  • Интернет-дүкен қызметінен түсетін табыс
  • Емдік курстар мен ақылы кеңестерден түсетін қаражат

«Мүше белсенділігін бағалау және әлеуметтік мүмкіндіктерге қатысу кезектілігін анықтау жүйесі»

Мүшелердің белсенділік деңгейін бағалау, сондай-ақ әлеуметтік, қайырымдылық және өзара көмек мүмкіндіктерін пайдалану кезектілігін анықтау «Белсенділік көрсеткіштері» негізінде жұмыс істейтін компьютерлік автоматтандырылған есептеу жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

1. «InterPlay» тұтыну кооперативіне белсенділік

Қатысу әрекеті Бағалау көрсеткіші
Кооперативтің кіріс жарнасын төлегені үшін 40
Кооперативтің белсенді мүшесіне 120
Ай сайынғы мүшелік жарна (38 000 ₸) үшін 10
Пайлық жарна немесе қосымша пай үлесін енгізгені үшін (әрбір 5 000 теңге) 2
Әлеуметтік және ауылдық жерлердегі азаматтарға кооператив туралы ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың ерікті түрде қатысуына көмектескені үшін 5

2. «Денсаулық, Қайырымдылық, Жетістік» қауымдастығы

Қатысу әрекеті Бағалау көрсеткіші
Қауымдастықтың кіріс жарнасын (қайырымдылық) төлегені үшін 4
Қауымдастықтың белсенді мүшесіне 10
Ұйымдастырушылық белсенділік 15
Ай сайынғы мүшелік жарна (11 900 ₸) төлегені үшін 5
Әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен ауыл тұрғындарына қауымдастықтың мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, олардың ерікті түрде қауымдастыққа қосылуына жәрдемдескені үшін 5

3. Бағдарламаларға қатысу

Қатысу әрекеті Бағалау көрсеткіші
Кооператив пен қауымдастық қызметін ақпараттық қолдауға және насихаттауға қатысқаны үшін 5
«Жимон» бағдарламасына қатысу 5
5 этаптық профилактикалық тазару курсына қатысқаны үшін 20
«Әрекет» бағдарламасына қатысу 4
«Қолдау» бағдарламасына қолдау 3
«Әлеуметтік» бағдарламаны қолдау 2
«Бастау» бағдарламасы үшін 1
Қауымдастықтың интернет-дүкенін пайдалану (әрбір 3 000–5 000 теңгелік операция үшін) 1
«Белсенділік көрсеткішінің» қолданылуы
  • Қауымдастық мүшелерінің белсенділігін бағалау және қолдау бағдарламаларын әділ ұйымдастыруға арналған есептік құрал болып табылады;
  • әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға қатысуды ынталандыру;
  • қаржылай қайырымдылық қолдау көрсету кезінде мүшелердің қатысу белсенділігін ескеру мақсатында пайдаланылады.
Маңызды ақпарат
  • Белсенділік көрсеткіші дивиденд, пайыз, сыйақы, инвестициялық кіріс немесе қаржылық табыстың өзге де түрі болып табылмайды. Белсенділік көрсеткішінің болуы немесе белгілі бір «белсенділік көрсеткіші» санына қол жеткізу - мүшеге қандай да бір төлемдерді талап ету құқығын бермейді және тек қауымдастықтың мүмкіндіктерін пайдалану кезінде кезектілікті анықтау үшін ғана қолданылады.
  • Қауымдастықтың мүмкіндіктері өзара көмек, әлеуметтік жауапкершілік және қайырымдылық қағидаттарына негізделген.
  • Жаңа мүшелердің кіру және өзге де жарналары бұрын тіркелген мүшелерге төлемдердің көзі болып табылмайды.